Жұма, 26 сәуiр, 21:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ресейлік «Спутник лайт» вакцинасы келді

25.01.2022

397 0

Бүгінде COVID-19 коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы күрделеніп, аурушаңдық көрсеткіші күн сайын өсуде. Қызылорда облысы 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап «қызыл» аймақта. Өңірде коронавирус инфекциясы анықталғаннан бастап індет жұқтырған 23 019 адам тіркелсе, науқастардың 90 проценті емделіп шықты.

Соңғы тәулікте 124 жағдай тіркелді. Ауру белгілері 43 адамнан анықталса, 81 науқаста клиникалық белгілері жоқ. Олардың ішінде басым көпшілігі зейнеткерлер мен жұмыссыздар арасында анықталып, 131 жаңа ошақ тіркелді. Барлығында індетке қарсы профилактикалық шаралар жүргізілді. Осылайша қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынды. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы №4 жаңа Қаулысымен енгізілген өзгерістерге сәйкес қарым-қатынаста болған адамдар үй карантинінде 10 күн оқшаулануы тиіс.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір аймақта індеттің ірі ошағы Қызылорда қаласы болып тұр. Аудандар үлесі бойынша індет ошақтары Шиелі және Жаңақорғанда анықталды. Жас ерекшеліктері бойынша жіктейтін болсақ, барлық жас аралығындағы азаматтар арасында COVID-19 инфекциясына шалдығу деректері бар. Дегенмен басым көпшілігі 20-29, 30-39 жас аралығындағы жастардан анықталуда. Сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балалар арасында белсенділік байқалады. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі сәбилердің үлесі басым.

Бүгінде облыста коронавирус инфекциясынан бөлек, жіті репираторлық вирусты инфекциялардың эпидахуалы күрделеніп тұр. Соңғы аптадағы көрсеткіштер өткен кезеңдермен салыстырғанда ЖРВИ-дің 1,5 есеге артқандығын көрсетіп отыр. COVID-19 ЖРВИ-дің өзге де түрлерінде кездесетін белгілеріне өте ұқсас. Сондықтан қандай да белгілерді байқалған жағдайда өз бетімен емделмей, міндетті түрде медициналық көмекке жүгін қажет.

Айта кету керек, облыс бойынша тиісті контингенттің 87,8 проценті вакцинациялаудың толық курсынан өтті. Ал «Пфайзер» вакцинасының екі компонентін де алғандар үлесі 12,8 процентті құрайды. Сонымен қатар ревакцинациядан 39537 адам өтті. Енді қызылордалықтар «Спутник лайт» вакцинасымен ревакцинациялана алады. Осы жылдың 23 қаңтарында облысқа ресейлік бір компонентті препараттың 8000 дозасы жеткізілді. Ревакцинациялау үшін барлық тұрғынға қолжетімді.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: