Сенбі, 20 сәуiр, 01:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Сәбилер үйінде «тұзды шахта» бар

10.03.2022

1099 0

Сыр өңірінде өмірлік қиын жағдайға тап болған сәбилерге сая болатын мекеме бар. Мұнда туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, психикалық және денсаулық жағдайында кемістігі бар балаларға көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «облыстық мамандандырылған балалар үйі» бас дәрігері Гүлсім Ержанованың сәбилер үйінде бүлдіршіндерді емдеу, профилактикалық оңалту қызметі бар. Ал педиатр, терапевт, психолог, логопед мамандары топтасып бала денсаулығын жіті қадағалап, дер кезінде көмектеседі.

Мақаламызға арқау болған мекемеде мұнда «тұзды шахта» бөлмесі ашылды. Енді онда балалардағы бронх демікпесі, тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларына ем жүргізілетін болады. Сонымен қатар галотерапия, иммундық жүйені жақсарту, псориаз, аллергиялық дерматит, экзема және тері ауруларын емдейді. Балалардың жас ерекшеліктері бойынша тұзды шахтада галотерапиялық ем қабылдау уақыттары әр түрлі. Мәселен, 1-2 жас аралығындағы балалар үшін – 10 минут болса, 2-3 жас аралығындағы балалар үшін – 20 минут. Ал 3 жастан бастап – 30 минут болмақ. Галотерапияның 1 курсы 10-12 сеансты құрайды. Жылына 3-4 курсқа дейін алуға болады. Тұзды шахтаның сыйымдылығы 12 шаршы метр, яғни бір уақытта 5 балаға дейін ем алуға мүмкіндік бар.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: