Сенбі, 27 сәуiр, 08:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Саулық – сақтықта екенін ұмытпаған жөн

19.08.2021

635 0

Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақтамай тұр. Осыған орай аймақтың медицина саласының мамандары тұрғындардан сақтыққа салғырт қарап, індеттің өршуіне бейқамдық танытпауды сұрайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық психикалық денсаулық орталығының мейірбикесі Мақпал Мүсіркегенова көпшілікті сақтық шараларын сақтауға шақырып, індетке қарсы екпе алуға үндеді.

«Мен коронавирус дертін емдеу жолында еңбек етіп келе жатқан мейірбикемін. Қазір бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын білемін. Сол себепті алғашқылардың бірі болып екпе салдырдым. Бүгінгі күні денсаулығыма қатысты кінәрат жоқ. Бүгінде әлем елдері бойынша коронавируспен күрес жалғасып келеді. Бұл індетті екпе салдыру арқылы ғана ауыздықтау мүмкін болып тұр. Сондықтан жерлестерімді вакцина салдыруға шақырғым келеді. Саулық – сақтықта екенін ұмытпаған жөн», – деді М.Ерханқызы.

Сонымен қатар облыстық психикалық денсаулық орталығының мейірбикесі әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тұрғындарының басым бөлігі вакцина қабылдаған мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуал жақсарғанын атап өтіп, тұрғындарды екпеге қатысты алып қашпа сөзге емес, мамандар кеңесіне құлақ асуға шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: