Бейсенбі, 02 мамыр, 14:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

МӘМС бойынша медициналық ұйымды таңдау құқығын қалай пайдалануға болады?

14.02.2023

425 0

Дәрігермен кеңесу, тексеруден өту керек, бірақ емхана жолдама бермейді ме? Пациент медициналық қызметтің белгілі бір түрлері бойынша медициналық ұйымды таңдауға құқылы. Бұл туралы біздің тілшімізге берген сұхбатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов айтты.

ӘМСҚ облыстық филиалының басшысы айтып өткендей, егер медициналық себептер бойынша тексеру немесе тар маманның кеңесі қажет болса, бірақ емхана 10 жұмыс күні ішінде сізге осы медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ете алмаса, сізді, бірлесіп орындау шарты бойынша, басқа медициналық ұйымға жіберу керек.

«Белгілі бір қызмет түрлері бойынша пациент медициналық ұйымды өз бетінше таңдай алады. Мұны қалай жасауға болады? fms.kz сайттында «Медициналық қызметтерді сатып алу – Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқоры – КДҚ жеткізушілер» бөлімдерінде қажетті қызметті табыңыз. Жеткізушілер тізімінен медициналық ұйымды таңдап, жақын арада қабылдау бар-жоғын анықтаңыз. Жергілікті дәрігерден сол жерге жолдама беруін сұраңыз. Егер емханада сіз таңдаған медициналық ұйыммен бірлесіп орындау шарты болмаса, жолдама берілгеннен кейін ол автоматты түрде жасалады», – деп түсіндірді спикер.

Бақыт Торғайбайұлы хабарлағандай,  14.02.2023 жылғы кезеңде ӘМСҚ Қызылорда филиалы аймақтың 108 медициналық ұйымдарымен шарт жасасқанын (тізім осында орналастырылған), оның 45-і стоматологиялық қызмет көрсетеді (тізім осында орналастырылған).

Егер тағы сұрақтар туындап жатса, сіз өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерде  мардымды жауап ала алмасаңыз, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналары арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты,     1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Осы құралдар арқылы сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің сайтында egov.kz «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: