Жұма, 29 наурыз, 18:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Медициналық сақтандыру қорына 300-ден астам шағым түсті

21.11.2022

507 0

Осы жылдың 9 айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына Қызылорда облысының медициналық мекемелерінің қызметіне қатысты 351 шағым түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (157 шағым) шағымдар саны 2,4 есеге өскен. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахимов мәлімдеді.

А. Рахимовтың айтуынша, өтініштердің себептері: дәрі-дәрмектердің болмауы, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту, емханалар мен ауруханалардағы медициналық көмектің сапасы, медициналық ұйымдар қызметкерлерінің дәрігерлік этика мен деонтологияны сақтамауы, ауруханаға жатқызудан бас тарту және т.б.

«Қор жеткізушілерді халыққа қызмет көрсету жұмысын жақсартуға ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатқанын атап өткім келеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда», – деді А.Рахимов.

Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе тиісті түрде көрсетілмесе, онда 1406 нөмірі, «Qoldau – 24\7» мобильді қосымшасы немесе «SaqtandyruBot» Telegram-бот бойынша жүгіну қажет. Қордың мамандары мен сарапшылары жедел жауап беріп, қажетті көмек көрсетеді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың

халықты ақпараттандыру және

өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: