Дүйсенбі, 06 мамыр, 09:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Тағамның жарамдылық мерзімі өтсе не істеу керек?

14.09.2023

473 0

Қазіргі таңда сауда сөрелерінде азық-түліктің сан алуан түрі самсап тұр. Бір ғана нанның мыңдаған түрі, газдандырылған судың сан түрі, тоқаштың алуан түрі көздің жауын алады. Бірақ барлығы бірдей қауіпсіз бола бермейді, сапасы сын көтермейтін тауарлар да аз емес. Бірінің өндіру технологиясы бұзылған, енді бірінің сақтау мерзімі өтіп кеткен, денсаулыққа зиянды қоспалардан дайындалған өнімдер тағы бар.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бұл адамдар және болашақ ұрпаққа зиянды әсер етуге жол бермеуге бағытталған тамақ өнімдерінің жай-күйі. Әрбір тамақ өнімдерінің өзіне тән жарамдылық мерзімі болады, тамақ  өнімдері толығымен соған сәйкес келуі керек және оған қойылатын қауіпсіздік талаптары техникалық регламенттермен Кеден одағының тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне, сондай-ақ таңбалауда мәлімделген тұтынушылық қасиеттерін сақтау және осы уақыттан кейін тамақ өнімдері пайдалануға жарамсыз болатындығы көрсетілген.

Жалпы тамақ өнімдерін сақтау кезінде өндіруші белгілеген сақтау шарттары мен сақтау мерзімдерін орындауы тиіс. Тамақ өнімдерін сақтау шарттары бойынша әртүрлі өнімдердің бірге және тамақ емес өнімдермен қатар сақталуына жол берілмейді, себебі ол тамақ өнімдерінің ластануына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар тамақ өнімдерінің сақталу жағдайы және сақталу мерзімі қатаң бақыланып, қадағалануы тиіс.

          Сауда орындарында азық-түлік өнімдерін тасымалдау және өткізумен айналысатын жұмыскерлер жұмысқа қабылданар алдында  міндетті түрде алдын ала мерзімді медициналық тексерулерден өтуі міндетті. Тамақ өнімдерін сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатын жұмыскерлер арасында әр түрлі жұқпалы аурулармен ауыратын немесе соған күдіктілерді және жұқпалы ауруларды тасымалдаушы адамдарға жұмыс жасауға рұқсат етілмейді.  

Бүгінгі күні тұтынушылар тарапынан жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сапасыз тағамдар бойынша әлеуметтік желілердегі пабликтерде жиі жарияланып жүр. Пайдалану уақыты өтіп кеткен өнімдер тауар айналымда мүлде болмауы тиіс, әсіресе тағам өнімдеріне келгенде бұл талап қатаң сақталып, сауда сөрелерінен уақытылы алып тасталуы керек.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы  5-бөлімінің 3-тармақшасында сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге негіз болып табылады деп көрсетілген.  Сондықтан жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, адам денсаулығына, өміріне және қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты фактілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу бойынша дәлелді негіздер мен растайтын дәлелдемелерді (зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер хаттамасы, фото-бейне-материалдар және т. б.) қоса бере отырып, өз арыз-шағымдарын Департамент пен оның аумақтық басқармаларына «e-otinish» бағдарламасы, «е-gov» электрондық үкімет веб-порталы арқылы жолдауға және қолма-қол тапсыруға болады.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қауіпсіз тағамдарды таңдау бойынша келесідей кеңестерді ұсынады: ең алдымен сауда орнының санитариялық-эпидемиологиялық тазалығына мән беріңіз, сонымен қатар сатып алатын өнімнің сыртқы түріне, сақталу шарттарының дұрыстығына, орамасының бүтіндігіне назар аудару керек. Қаптамасында өнімнің құрамы, өндірушісі, жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Ас – адамның арқауы екендігін ескере отырып, қауіпсіз тағамды таңдауда мұқият болыңыз. Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: