Сенбі, 27 сәуiр, 00:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Тұрғындардың 67,6 пайызы вакциналанған

01.09.2021

389 0

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың 80 пайызы екпе алуы тиіс. Алайда аймақ тұрғындарының 67,6%-ы ғана вакциналанды. Яғни екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның 271 316-ы екпе алған. Қалған 129 516 азамат екпе алмағандар қатарында. Қазіргі таңда күніне өз еркімен екпе салдыртушылар саны 2300-2500 аралығын көрсетіп отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Үсенов мәлімдеді.

Айтуынша өткен аптада аймаққа «SinoVak» вакцинасының 11500 дозасы келген. Оның 2000-ы қалаға қалдырылса, 9500 дозасы аудандарға таратылған. Бүгінде 6 555 данасы қалған. Ал қордағы «Спутник V» вакцинасы 35 777 дозаны құрайды.

Айта кету керек, қазіргі кезде Қызылорда облысында індет жұқтырған 15 792 адам тіркелсе, оның 84 пайызы жазылды. Пневмониямен ауырған 2123 науқастың 1848-і емделіп шықты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: