Сейсенбі, 07 мамыр, 16:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Жалпы тәжірибелік дәрігердің жүктемесі азаяды

02.03.2024

364 0

Жаңа денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қазақстандық емханалардағы жалпы тәжірибелік дәрігерлер жұмысындағы жүктеме туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Денсаулық сақтау жүйесіндегі міндетіміз – медициналық қызметтің көлемін ұлғайту ғана емес, ең алдымен оның сапасын қамтамасыз ету. Біз емханалардағы жалпы тәжірибелік дәрігерлерге жүктеме көбейгенін көріп отырмыз, пациентті емдеуге аз уақыт қалады, оны өзіне тән емес функциялардан босатып, учаскелердегі дәрігерлердің еңбегін ынталандыру шарттарын қайта қарау қажет», – деді Әлназарова Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуде.

Әлназарова министрліктің ашықтығы мен сындарлы диалогқа, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін ұсыныстар мен бастамаларға дайын екенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: