Сенбі, 20 маусым, 14:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46 (2258)
20.06.2026
PDF мұрағаты

Жедел ішек ауруының таралу жолдары

20.06.2026

43 0

Фото: ашық дереккөзден

Жедел ішек ауруы дегеніміз не? Бұл – асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы. Оларды бактериялар, вирустар немесе басқа да ауру қоздырғыштары тудырады.

Жедел ішек ауруларының негізгі белгілері:

  • Іштің бүріп ауыруы;
  • Жиі сұйық нәжіс (іш өту);
  • Жүрек айну және құсу;
  • Дене қызуының көтерілуі;
  • Әлсіздік, тәбеттің төмендеуі;
  • Бас ауруы;
  • Ауыздың құрғауы, шөлдеу (сусыздану белгілері).

Маңызды: Ауру асқынған жағдайда ағзаның сусыздануына әкелуі мүмкін. Сондықтан аталған белгілер байқалған кезде бірден дәрігерге қаралып, уақытылы ем қабылдау қажет.

Індеттің таралу жолдары Жедел ішек аурулары көбінесе лас қол, сапасыз ауыз су, дұрыс жуылмаған жеміс-жидек пен көкөніс, сондай-ақ мерзімі өткен немесе бұзылған тағамдар арқылы таралады.

Аурудың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

  1. Қолды сабынмен жиі жуу;
  2. Тек таза немесе қайнатылған су ішу;
  3. Тез бұзылатын тағамдарды міндетті түрде тоңазытқышта, сақтау мерзіміне сәйкес ұстау.

Әрбір адам жеке бас гигиенасын, яғни аурулардың алдын алуға арналған күнделікті тазалық ережелерін сақтауды әдетке айналдыруы тиіс. Жеке бас гигиенасын сақтау адам денсаулығын нығайтып, жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға көмектеседі.

Денсаулық – өз қолымызда!

Ф. Рсалиева,

Қызылорда обаға қарсы күрес станциясының зертхана меңгерушісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: