Сәрсенбі, 17 сәуiр, 21:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Енді атыңыздан алаяқ несие рәсімдесе, оны банк кешіруге міндетті болады

06.03.2024

283 0

фото: Н.Нұржаубай

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан ның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды, – деп хабарлайды Massaget.kz .

Бүгінде 8,5 миллион қазақстандық банктерге 19 трлн теңге қарыз. Оның ішінде 8,2 миллион адамның кепілсіз тұтынушылық несиесі бойынша берешегі – 10 трлн теңге. Сондай-ақ 1,6 млн адамның 1,7 трлн теңгеге проблемалық кредиті бар.

Депутат Үнзила Шапақ мәселені шешу үшін заң жобасына тиісті нормалар енгізілгенін жеткізді. Мысалы, енді кредит 90 күннен кешіктірген адамдарға несие берілмейді.

«Заң жобасында проблемалық қарызы бар азаматтардың қарыз жүктемесінің өсуіне жол бермеу үшін кредит бойынша төлем мерзімін кешіктіру 90 күннен асқан жағдайда оларға кепілсіз тұтынушылық кредиттер беруге тыйым салу жөнінде норма енгізіледі. Бұдан басқа, банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін барлық қолданыстағы (өтелмеген) тұтынушылық кредиттер бойынша төлем мерзімін кешіктіру 90 күннен асқан соң сыйақы есептеуге тыйым салынады», – деді ол.

Депутат коллекторлық агенттіктер талап күшейетінін жеткізді.

«Қарыз алушылардың мерзімі өткен берешекті реттеу құқығын қорғау үшін банктер мен микроқаржы ұйымдарының азаматтардың кредитін төлеу мерзімі өткен кезден бастап 24 айдан соң және кредитор берешекті реттеу рәсімдерін жүргізгеннен кейін ғана коллекторлық агенттіктерге сатуына рұқсат беру ұсынылады. Бүгінде коллекторлық агенттіктер едәуір көлемде жеке тұлғалардың қарыздарын сатып алып, олар бойынша қарыздың барлық сомасын қайта құрылымдаусыз өндіріп алып жатыр.

Биыл 890 мың қазақстандықтың 382 млрд теңге болатын қарызы коллекторлық агенттіктерге берілген. Осыған байланысты жеке тұлғалардан сатып алынған кредиттері бойынша берешекті реттеу рәсімін жүргізу бойынша коллекторлардың тікелей міндетін енгізу ұсынылады», – деді Үнзила Шапақ.

Сондай-ақ депутат заңда несие берудің жаңа тәртібі енгізілетінін айтты.

«Қазір банктер мен микроқаржы ұйымдарының тұтынушылық кредиттері бойынша берешектің орташа деңгейі – шамамен 1,5 млн теңге. Бұл ретте мұндай кредиттер бойынша берешектің ең жоғары мөлшері заңнамада белгіленбеген. Қарыз жүктемесінің шамадан тыс өсуін шектеу үшін заңнамалық тұрғыда тұтынушылық кредит деген ұғым енгізіледі. Бұл оның ең жоғары мәнін (банктер үшін – 5 млн теңге, микроқаржылық ұйымдар үшін – 2 млн теңге)
нормативті деңгейде шектеуге мүмкіндік береді.

Қосымша шектеу шарасы ретінде жаңа макропруденциялық норматив – азаматтардың банктер мен микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша жиынтық берешегінің қарыз алушының табысына қатынасы енгізіледі», – деді ол.

Үнзила Шапақтың айтуынша, қарызы және кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салынады.

Депутат заңға несие алудан бас тартқан адамның атына кредит рәсімделсе, оны банк кешіруге міндеттелетін норма енгізілгенін атап өтті.

«Қаржылық алаяқтықпен байланысты қылмыс санының өсуі байқалады. Өткен жылы келтірілген зиян көлемі – 5,8 млрд теңге. Азаматтарды алаяқтардан қорғауды күшейту үшін заң жобасында азаматтардың кредит алудан ерікті түрде бас тартуын белгілеу құқығы енгізіледі. Мұндай бас тарту болған жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдарының жеке тұлғаға кредит беруіне тыйым салынады. Сонымен қатар кредиторлардың кредит алудан ерікті түрде бас тарту кезеңінде рәсімделген азаматтардың несиесі есептен шығарылады», – деді Үнзила Шапақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: