Дүйсенбі, 20 мамыр, 07:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік сатып алу жүйесі автоматтандырылады

31.01.2024

232 0

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап, техникалық қадағалау қызметтерін анықтау бойынша конкурстарды толық автоматтандырылған түрде жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

– Мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру мақсатында былтыр ҚР Қаржы министрлігіне 94 ұсыныс жолданды. Соның ішінде, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға веб-порталмен қойылған артық талапты алып тастау жөніндегі ұсыныс қолдау тапты. Былтыр мемлекеттік сатып алу саласында республикада бірінші болып енгізілген бір облыста – бір ұйымдастырушы тәсілінің қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, осы салада заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қала, аудан әкімдіктері және облыстық басқарма қызметкерлерінің қатысуымен 160 іс шара өткізілді. Аталмыш шаралардың нәтижесінде, ішкі мемлекеттік аудит органдарымен келтірілген камералдық хабарламалар саны 15 пайызға азайды. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу саласында әкімшілік құқық бұзушылық 40 пайызға, ал әкімшілік айыппұл көлемі 62 пайызға дейін төмендеді, – деді облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов.

Айта кету керек, былтыр мемлекеттік сатып алу саласында 5 260 конкурс жарияланған. Тиісінше, көрсеткіш 2022 жыл мен салыстырғанда 43 пайызға артып отыр. Жарияланған конкурстардың 2002-сі жұмыстарға, 1 614-і қызметтерге, 1 644-і тауарларға тиесілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: