Бейсенбі, 09 мамыр, 09:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қаржы нарығы: Енді елімізде несие беруге тыйым салынады

06.03.2024

414 0

Фото: Н.Нұржаубай

Мәжіліс кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова елімізде жастарға несие беруге тыйым салынғалы жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісте таныстырылған заң жобасында жастарға несие беруге қатысты нақты нормалар енгізіліп отыр.

Әбілқасымова қаржы ұйымдары несиені жастарға енді тек ресми түрде тіркелген табыстары немесе кірістері болған жағдайда ғана бере алады. Бұл шектеу 18-21 жас арасындағы жастарға қатысты болмақ.

Депутаттар жастарға кредит беруді толығымен шектеу бойынша ұсыныс жасады. Біз бұл мәселені талқылай келе, жастардың кредит алуға мүмкіндігі болу керек деген шешімге келдік. Бірақ оны алу үшін ресми түрде тіркелген табысы қажет. Оның үш түрі бар. Біріншіден, шәкіртақысы, екіншіден жалақысы, үшіншіден басқа да табыстары болса болғаны. Бірақ ресми түрде тіркелген табыс болу керек, – деді агенттік басшысы кулуарда.

Егер студент кредит алатын болса, оның ай сайынғы табысының 50 пайызы кредитін өтей алуы керек.

Мысалы азаматтың ай сайынғы шәкіртақысы 50-60 мың теңге болса, оның төлейтін несиесі 25-30 мың теңгеден аспауы қажет.

Әбілқасымованың мәліметінше, 18-21 жас арасындағы 480 мың азаматтың берешегі бар. Десе де бұл проблемалық қарызға жатпайды.

Агенттік төрағасы елімізде 47 мың адамның проблемалық қарызы барын қоса кетті.

Ресми түрдегі табысы болса, Конституция бойынша кредит алуға олардың құқығы бар. Ал табысы жоқ студенттерге кредит алуға рұқсат берілмейді, – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәжілісте.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: