Сейсенбі, 26 қараша, 16:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

5 адам өлім жазасына кесілді

20.02.2021

1479 0

Авиджит Рой Бангладеште сөз бостандығын қолда­ ған, үкіметтік цензура мен атеист блогерлердің темір торға қамалуына қарсы халықаралық шерулер ұйым­ дастырушы болды. Алайда 2015 жылғы 26 ақпанда оны белгісіз біреулер соққының астына алып, мачетемен өлтірген болатын. Бүгінде оның өліміне себепші болған алты адамға сот үкімі шығып, 5-уі өлім жазасына кесілсе, бір адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «ВВС» арнасы «Бангладештегі Авиджит Рой өлімі: блогерге мачетемен шабуыл жасап, өлтірген бес адамға өлім жазасы тағайындалды» атауымен бағдарлама дайындады.

Арна Бангладеш соты бес адамға өлім жазасын тағайындап және бір адамды өмір бойы бас бостандығынан айырғанын хабарлады. Олар алты жыл бұрын белгілі блогерді соққыға жығып, өлімге дейін жеткізген.

АҚШ-та тұрақтаған Бангладештің тумасы А.Рой ел астанасы Даккада өткен кітап жәрмеңкесіне арнайы келген. Сол шарадан соң оны алты адам мачетемен өлтірген. Бұл шабуылға ислам дінінің жат ағымында жүрген өкілдерінің қатысы бар деп тұжырым жасалған еді. Оқиға орын алған кезде блогердің жұбайы Рафида Ахмед те болған. Бірақ ол ауыр жарақатына қарамастан аман қалған.

Шабуыл елде тыйым салынған «Ансар аль-Ислам» атты топтың ұйымдастыруымен жасалған. Бағдарлама авторлары бұл топтың «Аль-Каидаға» қатысы болуы мүмкін деп болжайды.

Оқиғаға қатысты сотқа екі адам сырттай қатысты. Оның бірі қылмысты ұйымдастырушы болып саналатын бұрынғы әскери майор Сайед Зиаул Хак. Сот ұйымдастырушы Зиаул Хак пен қылмыс жасаған Абу Сиддик Сохель, Мозаммель Хоссейн, Арафат Рахман және Акрам Хосейнді дарға асу үкімін шығарды. Бірақ Сайед Зиуал Хак пен Акрам Хосейн әлі қашып жүргендіктен сотқа сырттай қатысқан.

Шафиур Рахман Фариби 2015 жылдың наурызында ұсталып, бүгінде өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ полиция 2016 жылғы маусымда ел астанасы аумағында болған қақтығыс кезінде Ройдың өліміне қатысы бар «Шариф» деп аталатын басты күдіктінің көзі жойылғанын хабарлады.

«Оларға тағылған айыптың барлығы дәлелденгеніне ешкімнің шүбә келтірмесі анық. Сот оларға ең ауыр деген жазаны қолданды», – деді прокурор Голам Сарвар Хан. Алайда жақтаушы жақ пен адвокаттар қарсылық білдірген және апелляцияға өтініш бермек.

Сондай-ақ Ройдың әйелі өзінің «Facebook» парақшасында сот пен тергеушілердің қызметін сынға алды.

Мен оқиғаның куәгері болсам да, алты жыл ішінде бірде-бір тергеуші жауап алмады. Бірнеше адамды жай іздей салу мен экстремизмді толықтай зерттемеу Авидың өліміне қатысты үкім әділ болды деуге келмейді», – деп жазды блогердің әйелі.

Полиция «Ансар аль-Ислам» тобының ондаған тәуелсіз блогер мен белсендінің өліміне қатысы бар деп санайды. Мұндай қылмыстық істер 2013-2016 жылдар аралығында көптеп орын алған. Ал бұл істердің артында «Аль-Каида» мен «Ислам мемлекеті» атты экстремистік топтар тұр деп тұжырымдайды арна тілшілері.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: