Сейсенбі, 28 сәуiр, 13:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2243)
28.04.2026
PDF мұрағаты

Мұнай өндіру ұңғымаларын онлайн бақылайтын отандық жүйе экспортқа шығарылмақ

28.04.2026

44 0

Фото: freepik.com

Мұнай өндіру ұңғымаларын онлайн бақылайтын отандық жүйе экспортқа шығармақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында министрлік отын-энергетика кешеніне жасанды интеллектіні енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта министрлік жаһандық вендорлар, салалық компаниялар және жасанды интеллект шешімдері бар IT-компаниярдың қатысуымен AI — альянс құрды. Сонымен қатар отандық бағдарлама өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта Astana Hub резиденттерімен жасанды интеллект шешімдерін бірлесіп сынақтан өткізу және енгізу бойынша меморандумдар жасалды, — деді ол.

Министрдің дерегінше, бүгінде 45 жасанды интеллекті жобасынан тұратын портфель қалыптастырылды. Оның ішінде 10 жоба сараптама сатысында, 27 жоба әзірлену үстінде, ал 8 жоба енгізу кезеңіне өтті.

— Бірінші мысал — мұнай өндіру саласында жасанды интеллектіні практикалық қолдану. Бұл — ұңғымаларды онлайн бақылауға арналған интеллектуалды жүйе. Жүйенің негізгі міндеті — ұңғымалардың көрсеткіштерін нақты уақытта талдау. Жасанды интеллект ауытқуларды анықтап, өндіруді болжайды. Пилоттық енгізу бірқатар жер қойнауын пайдаланушы базасында іске асырылды. Күтілетін нәтиже– ұңғымалардың тоқтап қалу уақытын 20 пайызға дейін қысқарту және 1 млрд теңге дейін экономикалық тиімділікке қол жеткізу. Айта кету керек, бұл жүйе — қазақстандық өнім. Оның экспорттық әлеуеті бар. Қазіргі уақытта жүйені халықаралық нарықтарға, оның ішінде АҚШ нарығына шығару бойынша жұмыс жүргізілуде, — деді Ерлан Ақкенженов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: