Жұма, 03 мамыр, 15:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Әлемдегі ең алып жылан табылды

23.02.2024

437 0

Сурет: el.kz

aqmeshit-aptalygy.kzБразилияда әлемдегі ең алып жылан анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ұзындығы 8 метрді құраса, салмағы шамамен 200 келіге жетеді, ал басының көлемі адамның басымен бірдей. Бұл жасыл анаконданы жабайы табиғат туралы бағдарлама жүргізушісі, нидерландтық профессор Фрик Вонк анықтаған.

The Sun мәліметінше, жыланның бұл түрі бұған дейін алып саналған түрінен әлдеқайда ұзын – ол 6 метр еді. Осы уақытқа дейін Амазонкада жасыл анаконданың бір ғана түрі белгілі болған.

Жыланның жаңа түріне Eunectes akayima, яғни Солтүстік жасыл анаконда атауы берілген. Ол туралы мәліметтер 16 ақпанда Diversity журналында пайда болды.

Шын мәнінде, бұлар бір-біріне мүлде ұқсамайды. Бір қарағанға, екеуі бірдей көрінгенімен, генетикалық айырмашылық 5,5% тең, бұл өте көп. Түсінікті болуы үшін мысал келтірейін, адам мен шимпанзе генетикалық тұрғыда бір-бірінен 2% ғана өзгешеленеді, – деді профессор Вонк.

Ғалымдар мұндай жасыл анаконданың бары туралы осыдан 15 жылдан астам уақыт бұрын болжам жасаған, алайда оған дәлел тек қазір табылып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: