Сейсенбі, 21 мамыр, 20:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Америкадағы торнадо: 26 адам көз жұмды

04.04.2023

650 0

Жұма күні Американың орталық аймағында қуатты дауыл орын алды. Жексенбідегі мәлімет бойынша торнадо салдарынан 26 адам көз жұмған. Есеп бойынша сегіз штатта шамамен 69 дауыл болған. Табиғи апатқа байланысты «The Wall Street Journal» тілшілері Джинджер Адамс Отис пен Адольфо Флорес «Дауыл Америка орталығында 26 адамның өмірін қиды» тақырыбында мақала жазды.

Күннің күркіреуінен туындаған торнадолар үйлерді қиратып, электр желілерін зақымдаған. Сондай-ақ дауылдың күштілігі соншалық, көліктерді аударып, кейбірін Миссисипи өзеніне құлатқан. Торнадоның нақты саны, жылдамдығы мен өлшемі барлық аумақтан мәліметтер жеткен кезде ғана дайын болады. Ұлттық метеорологиялық қызмет тізімге енбеген торнадо болуы мүмкін деп, сауалнама әлі де жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Метеорология қызметі ең үлкен дауыл аяқталғанын, бірақ батыс пен солтүстік-шығыс аймақта күшті жел толастамағанын жеткізген.

Сенбідегі мәлімет бойынша торнадодан АҚШ-тың 90 млн халқы зардап шеккен. «PowerOutage.us» мәлімдесіне сүйенсек, Арканзастан бастап Миннесотаға дейін электр жүйесі зақымдалып, Джорджиниядан Нью-Йоркке дейінгі аумақ жарықсыз қалған. Огайо мен Пенсильванияда шамамен 450 мың адам жарықсыз қалған.

Теннесси штатындағы Макнейри округінің мэрі Ларри Смит кем дегенде 9 адамның дауылдан көз жұмғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, Роуз-Крик аумағы көп зардап шегіп, құлаған талдардың әсерінен жолдар жабылып қалған. Дауыл көбіне түнгі уақытта болғандықтан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру да қиынға соққан.

Арканзаста дауыл бес адамның өмірін жалмаған. Сондай-ақ штаттағы торнадодан ондаған адам зардап шеккен. Арканзастың ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, штатқа едәуір шығын келген. 38 жастағы Антонио Александр Литл-Роук аумағында дауыл кезінде үйде болған. «Мен Құдайдан амандығымызды тілеп, 5 жасар қызымды бүркеп жаттым. Сол кезде дауыл үйдің шатырын ұшырып әкетіп, үйдегі заттар расымен бізді айнала ұшып жүрді», − дейді ол. Желден өзі де, кішкентай қызы да зардап шекпеген. Қазіргі кезде ол отбасымен уақытша «Қызыл Крест» атты гуманитарлық жатақханада бас сауғалауда. Олардың үйлерінің мұржасы басқа үйлерді бұзған және электр жүйесі қайта қосылғанша ешкім үйлерін жөндей алмайды.

Иллинойс штатындағы Белвидер қаласында театрға келген адамдардың біреуі ғимараттың төбесі құлағанда көз жұмған. Тағы 20-ға жуық көрермен түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Метеоролог Эштон Робинстың сөзінше, Алабама штатында да бір адамның көз жұмғаны анықталған.

Торнадо болмаса да бірнеше штат зардап шеккен. Өйткені кей штатта көлемі гольф добымен бірдей бұршақ жауған. Одан бөлек қатты желдің әсерінен ағаштар құлаған.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: