Сейсенбі, 19 наурыз, 16:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

«Ауғанстан президенті Қазақстанда жасырынған»: Сыртқы істер министрлігі не дейді?

16.08.2021

2124 0

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Ауғанстан президенті Ашраф Гани Қазақстан аумағына кірмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Тәжікстанның СІМ  Ауғанстан президенті Қазақстанда деген мәлімдеме жасаған болатын.

15 тамыз күні Талибан қозғалысы Кабулды басып алды. Ашраф Гани отставкаға кетіп, елден кеткені хабарланды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол Орталық Азия елдерінің біріне қоныс аударған.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Ауғанстанда Қазақстан азаматтары қалмағанын мәлімдеді. Кабулда елшіліктің штат саны шектеулі, оның ішінде елші де бар.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ауғанстаннан барлық дипломаттарды шығаруды жоспарламағандарын айтқан болатын.

Жексенбіде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кабулда Қазақстан елшілігі шектеулі көлемде жұмысын жалғастырып жатқанын, персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданылып жатқанын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: