Жұма, 23 ақпан, 06:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2025)
20.02.2024
PDF мұрағаты

Бүгін Димаш Құдайбергеннің туған күні

24.05.2023

493 0

Бүгін – әлемге танымал әншіміз Димаш Құдайбергеннің туған күні. Ол 29 жасқа толды деп хабарлады turkystan.kz.

Димаш Құдайберген 1994 жылғы 24 мамырда дүниеге келді. Ол кішкентайынан ән айтқан, әртүрлі байқауға қатысқан. Алғаш рет 2015 жылы Беларусияда «Славянский базар» өнер фестиваліне қатысып, танымал болды.

Ол 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «эстрада өнері» факультетіне түсті.

Димаш қазақ, ағылшын, орыс, қытай, серб, итальян, француз, тағы басқа тілдерде ән орындайды. Димаш Құдайбергенов Қытайдың «I am a singer» телебайқауына қатысып, сайыстың барлық кезеңінен өтіп, екінші орынды жеңіп алды.

Аталған жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетеді. 2017 жылы Азияның «Грэммиі» саналатын «Top Chinese Music Award» сыйлығын «Азияның ең танымал әншісі» аталымында жеңіске жетті. Сондай-ақ көптеген халықаралық жүлделердің иегері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: