Сәрсенбі, 01 мамыр, 08:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

COVID-19-дың жаңа түрдегі штаммы табылды

09.08.2023

436 0

Үндістанда Eris деп аталатын COVID-19 жаңа субвариантын жұқтыру жағдайлары анықталды. Үнді мамандары әзірге уайымдайтын ештеңе жоқ екенін айтады. Алайда  ғалымдарды оның таралу жылдамдығы мен ауруды жұқтырғандар санының артуы алаңдатуда. Бұл туралы  РИА Новости порталы хабарлайды.

EG.5.1 штаммы «омикроннан» тараған. Ол алғаш рет осы жылдың наурыз айында табылған. Бұл қосалқы нұсқа өткен айда Ұлыбританияда да анықталды.

«Біз Үндістанда Eris-тің кездейсоқ жағдайларын көрдік. Бірақ әзірге алаңдайтын ештеңе жоқ», – деді аурудың геномикасы бойынша үнділік консорциумның мүшесі.

Соңғы уақытқа дейін ол үлкен алаңдаушылық тудырмады. Алайда ғалымдарды оның таралу жылдамдығы мен ауруды жұқтырғандар санының артуы бей-жай қалдырмауда.

Үндістан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте елде коронавирустың 54 жаңа тасымалдаушысы анықталған. Ел бойынша белсенді жағдайлардың жалпы саны 1574-ке жетті. Консорциумның бұрынғы басшысы және ДДҰ вирустар эволюциясы бойынша консультативтік топтың төрағасы Анураг Агравалдың айтуынша, иммунитет ретінде инфекция фактілерінің мерзімді өсуі байқалады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: