Жұма, 03 мамыр, 18:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Енді әйелдерге де әскерге бару міндеттелмек

15.03.2024

354 0

Сурет: stan.kz

Дания үкіметі қарулы күштерді реформалау аясында әйелдерді 2026 жылдан бастап әскери қызметке шақыруды ұсынып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дания үкіметі гендерлік теңдікті толықтай қамтамасыз етуді қалап, осындай жаңашылдықты ұсынды. 

«Біз соғысты қалағандықтан, қаруланып жатқан жоқпыз. Керісінше, соғысты болдырмас үшін қайта қаруланып жатырмыз», –деді премьер-министр Метте Фредериксен.

Сонымен қатар Фредериксен әскери қызмет мерзімін 4 айдан 11 айға дейін ұзартуды ұсынды.

Қорғаныс бөлімінің жоспарына сәйкес 2026 жылдан бастап жыл сайын 5000 ер мен 5000 әйел шақырылады. 2023 жылдың басында Данияның қорғаныс министрі Якоб Эллеман-Йенсен Дания әскері әлсіз екенін айтып, әйелдерді де міндетті әскери қызметке шақыруды ұсынды.

Дания парламентінің басым көпшілігі бұл шешіммен келіскен. Данияның қазіргі қорғаныс министрі Троэлс Лунд Поулсен Еуропадағы қауіпсіздік саясатына қатысты жағдайдың барған сайын күрделі болып келе жатқанын атап өтті.

Әскерге шақырудың 11 айлық жаңа үлгісі бойынша әскерге шақырылғандар бес ай негізгі дайындықтан өтеді, ал қалған алты айда әскер, әуе және әскери-теңіз күштерінде жедел қызметке дайындалып, қызмет етеді.

Қазіргі уақытта 6 миллионнан аз ғана халқы бар Данияда 18 жастан асқан физикалық сау ер азаматтардың барлығы әскери қызметке шақырылады. 1998 жылы дат әйелдеріне алғаш рет әскерде қызмет етуге рұқсат берілді, бірақ ерікті түрде және төрт айға ғана баратын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: