Сенбі, 18 мамыр, 15:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Израиль палестиналықтардың жасырынатын жеріне шабуылдамақ

11.02.2024

211 0

Сурет: CCN

Aqmeshit-aptalygy.kzq – Израиль премьер-министрі әскеріне алдағы шабуыл аясында Рафахтағы миллионнан астам адамды эвакуациялау жоспарын құруды тапсырды. Бұл туралы  CNN арнасы хабарлайды.

Рафах – Газадағы Израиль армиясы басып алмаған соңғы ірі елді мекен. Бұл жерде палестиналықтар жасырынады.

БҰҰ мәліметтері бойынша, Рафахта 1,3 миллионнан астам адам тұрады, олардың көпшілігі Газа секторының басқа бөліктерінен көшірілген. Алайда соғыстан кейін ондағы тұрғын саны 2,3 миллионнан асты.

Гуманитарлық ұйымның аға өкілі бейбіт тұрғын паналаған жалғыз жерді шабуылдау нағыз қанды шабуыл екенін айтып, БҰҰ мәжбүрлі жаппай қоныс аударуға қарсы үндеу жолдады. Десе де Израиль өз жоспарынан тайынар емес.

Израиль премьер-министрінің кеңсесі ХАМАСТЫ жою үшін Рафахтағы төрт ХАМАС батальонын жою керек екенін айтады.

Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббастың кеңсесі Нетаньяхудың әскери жоспары палестиналықтарды өз жерлерінен қууға бағытталған дейді. Ол өз мәлімдемесінде БҰҰ қауіпсіздік кеңесінен бұл мәселеге назар аударуды сұрады.

«Бұл қадам аймақтағы және бүкіл әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіреді. Бұл – шектен шығу», – деді Аббас.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: