Бейсенбі, 09 мамыр, 03:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Мәскеуге дронмен шабуыл жасалды

30.05.2023

521 0

Мәскеу қаласы мен облысына дронмен шабуыл жасалды. Қала мэрі зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде қала тұрғындары жарылыс дауыстарын естігенін мәлімдеген. Ал Baza Telegram-арнасының мәліметінше екі дрон қаланың оңтүстік-батысы мен батыс аймағындағы көпқабатты үйлерге соғылған. 

Сонымен қатар Истринск, Красногорск мен Одинцовск аудандарында әуе шабуылына қарсы қызмет іске қосылған. 

Мәскеу мэрі Сергей Собянин дронмен шабуыл жасалғанын растады. Сөзінше, зардап шеккендер жоқ, қазір төтенге жағдай қызмет етіп жатыр. Ал Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев бірнеше ұшқышсыз аппараттың жойылғанын айтты. 

Айта кетейік, ресейлік әскерилер бірнеше күннен бері Киев қаласына шабуыл жасауда. Украина билігі баллистикалық шабуылдан кейін түнде дрондардың қолданылғанын мәлімдеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: