Бейсенбі, 02 мамыр, 21:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мектеп директоры жұмыстан қуылған

03.03.2024

526 0

Сурет: sputnik.kz

Қосымша жарты шыны кофе ұрламақ болған мектеп директоры жұмыстан босатылды. Ер адам кәдімгі өлшемдегі стақанға ақша төлегенімен, үлкен стақанға бірнеше рет кофе құйып алған. Оқиға Жапонияда орын алған – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Директор желтоқсан айында түскі үзіліс кезінде 110 иенге кофе сатып алып, бірақ 180 иендік үлкен стақанға кофе құйып алғанда ұсталды. Ол көлікке отырайын деп жатқанда дүкен қызметкері полиция шақырған.

Ер адам мұндай ұрлықты бірінші рет жасамағанын мойындады. Ол өткен жылдың маусым айынан бері мұны жеті рет жасаған. Алғашында абайсызда тым көп құйып алған екен, бірақ дүкен қызметкерлері мұны байқамағандықтан, осылай істеуді әдетке айналдырған.

Сондықтан 30 қаңтарда білім басқармасы оны «білім беру саласындағы мемлекеттік қызметкерге сай келмейтін өрескел теріс қылықтары үшін» жұмыстан шығарды.

Директордың өзі оқушылар мен олардың отбасыларынан кешірім сұрады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: