Сенбі, 04 мамыр, 13:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Мұсылман еліне тиесілі әуекомпаниядан стюардессалар жоғалуда

29.01.2024

527 0

Сурет: stan.kz

Pakistan International Airlines (PIA) стюардессасы Канадаға жеткен рейстен соң жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фаиза Мұхтар Торонтоға Исламабадтан 19 қаңтарда келген. Келесі күні Карачиге ұшуы керек еді. Алайда стюардесса белгіленген уақытта жұмысқа келмей, байланысқа шықпаған. 

Pakistan International Airlines қызметкерлері әуе компаниясынан қашып, 2018 жылдан бері басқа елдерден баспана іздей бастапты. Сол кезден бүгінге дейін мұндай жағдайлар жиі болып тұратын көрінеді. Осылайша 2023 жылы кем дегенде жеті адам Канадаға қашып кеткен.

Әуе компаниясы босқындарға қатысты либералды саясатты ұстанатын Канада билігін кінәлайды. Тасымалдаушы қашып кеткен жұмысшыларды жұмыстан шығарып, Пәкістанға оралған соң сотқа беретінін айтты. Бірақ қызметкерлердің жоғалу себебі ұшу экипаждарының төмен жалақысы мен елдегі экономикалық жағдайға байланысты екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: