Сенбі, 04 мамыр, 03:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Өткен жылы ең көп ақша тапқан жұлдыз кім?

08.03.2024

354 0

Сурет:el.kz

Америкалық актер Адам Сэднлер Голливудтағы 2023 жылғы жалақы ең көп төленетін актерлердің тізімін бастады, үздіктер «үштігіне» Марго Робби мен Том Круз да енді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл туралы рейтингті Forbes жариялады. Forbes-тің бағалауынша, Сэндлер 2023 жылы 73 млн доллар табыс тапқан. Оның табысының едәуір бөлігі Netflix-пен ынтымақтастықтан түсетіні аталған.  

Рейтингте екінші орынды әлемдік прокатта 1,4 млрд доллардан астам табыс жинаған „Барби“ (Barbie, 2023) фильмінде ойнаған Робби иеленді. Актриса 2023 жылы 59 млн доллар табыс тапты, – деп жазды Forbes.

Үшінші орында тұрған Том Круздың табысы былтыр 45 млн долларға жеткен. Актер өзінің негізгі табысын жаңа фильмі «Миссия мүмкін емес: өлімге әкелетін есеп. Бірінші бөлім» (Mission: Impossible — Dead Reckoning Part One, 2023) атты жаңа фильмінің арқасында қол жеткізген.  

Төртінші орынды Райан Гослинг пен Мэтт Деймонд өзара бөлісті, олардың 2023 жылы тапқан табысы — $43 млн. 

Табысы жоғары актерлер «ондығына» сондай-ақ Дженнифер Энистон ($42 млн), Леонардо ДиКаприо ($41 млн), Джейсон Стэйтем ($41 млн), Бен Аффлек ($38 млн) және Дензел Вашингтон ($24 млн) кірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: