Жұма, 03 мамыр, 20:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Өз жерлеу рәсімінде тіріліп кеткен әйел желіні шулатты

19.06.2023

1025 0

Эквадордың 76 жастағы тұрғыны өзінің жерлеу рәсімі кезінде тіріліп кетті. Ұлының айтуынша, анасы табыттың қақпағын қаққан. Кейін оны ауруханаға апарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дәрігерлер алғаш рет 9 маусымда Бабахойо қаласында Белла Монтояның қайтыс болғанын хабарлайды. Кейін мәйітін жерлеу үшін туыстарына беріп, денесін табытқа салады. 

“Бізге тіпті оның өлгені туралы куәлік берілді», – деді оның ұлы Гильберт Барбера жергілікті БАҚ-қа.

Жерлеу рәсімі басталғаннан кейін шамамен бес сағат өткен соң, әйелдің туыстары «табыттан” дыбыстар ести бастаған. 

Табытты ашып көргеннен кейін отбасы мүшелері оның қатты дем алғанын көреді.

«Біз бәріміз қорқып кеттік», – дейді Барбара.

Алайда, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қарияның туыстары жерлеу рәсіміне дейін оның киімін ауыстыру үшін табытты ашқан кезде өмір белгілерін көрсеткен. 

Әйелдің тірі екендігі белгілі болған кезде туыстары жедел жәрдем шақырып, оны көз жұмды деген ауруханаға қайта апарған. 

Оқиғаға дейін Монтойя инсульт алды деген күдікпен ауруханаға жеткізілген. “Оның жүрегі тоқтап, тыныс ала алмаған. Реанимациялық әрекеттерге де жауап бермеген. Сондықтан кезекші дәрігер оның көз жұмғанын растаған», – делінген Эквадор Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде.

Қайта ем алу кезінде оның жағдайы тұрақталғанмен ол ұзаққа созылмады. Монтойя жеті күн жансақтау бөлімінде жатқан. Кейін Эквадордың Денсаулық сақтау министрлігі оның ишемиялық инсульттан қайтыс болғанын хабарлады.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, ол жергілікті зиратқа жерленген.

Эквадор билігі болған жағдайды тексеріп, осы ауруханада өлім туралы куәлік беру процедурасын қарамақ, деп хабарлайды Associated Press.

Белла Монтоя ресми өлім туралы хабарланғаннан кейін «өмірге келген» жалғыз әйел емес.

Ақпан айында Нью-Йорк штатындағы жерлеу үйінде 82 жастағы қарияның тыныс алғаны анықталған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: