Бейсенбі, 26 желтоқсан, 07:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

25.08.2023

571 0

Комитет төрағасының айтуынша, еліміз қазір Оңтүстік Кореяның жұмыспен қамту жүйесіне қосылып жатыр.

“Біз бірінші сауалнама толтырдық. Сауалнамада азаматтарымыздың Оңтүстік Кореяға қалай бара алатынының алгоритмі талқыланады. Бір сөзбен айтқанда, қазақстандықтарды Оңтүстік Кореяға сапарға дайындайтын арнайы оқу орындары бөлінетін болады. Олар кем дегенде сөйлесе алуы үшін корей тілін қарапайым деңгейде білуі керек.

Екіншіден, оларда медициналық тексеріс үлкен маңызға ие. Бұл елде медициналық анықтамалар болуы керек деген талап бар. Үшіншіден, жұмыс істеуге аттанбақшы адаммен нақты келісімдер болады. Жұмысшы еңбек шартына қол қояды. Оның құқығы қалай болады, осы азаматты жіберетін жұмыспен қамту орталығының міндеттері қандай болмақ талқыланады», – деді Асқарбек Ертаев.

Мемлекеттік мекеме Түркия, БАӘ және Ұлыбританиямен де келісімге қол қойды. Онда жұмыс істеуге келген қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтау бойынша Германия, Израиль және Катарда да сақталады .

«Жыл басынан бері 194 мың қазақстандық кетті. Оның ішінде 162 мыңға жуық адам Ресейге, 13 мыңы Польшаға, 6 мыңы Оңтүстік Кореяға, 5 мыңы Ұлыбританияға жұмыс істеуге кетті», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: