Бейсенбі, 18 маусым, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Салық базасын ұлғайту жүйелі жұмысты қажет етеді

18.06.2026

54 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің Қармақшы ауданына жұмыс сапары аясында Жосалы кентіндегі «Руханият орталығында» аудан активінің жиыны өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен алдағы міндеттер талқыланды.

Салық базасын ұлғайту жүйелі жұмысты қажет етеді


Аймақ басшысы бірқатар өзекті мәселеге тоқталып, салық базасын ұлғайту, шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізу, су үнемдеу технологияларын енгізу, құрылыс сапасын бақылауды күшейту және газдандыру деңгейін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.


«Ауданның қаңтар-мамыр айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде салық базасын ұлғайту ерекше маңызға ие. Кент және ауылдық округ әкімдері осы ретте жүйелі жұмыс жүргізуі тиіс. Ішкі мүмкіндіктер мен экономикалық әлеуетті тиімді пайдалана отырып, жаңа инвестициялық жобаларды қолға алу қажет.
2023 жылдан бері күріш егісінің көлемі 1 158 гектарға қысқарды. Ауданда 33 шаруашылық каналы бар болса, соның 9-на жоба-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. Суды аз қажет ететін дақылдарға басымдық беруді тапсырамын. Жобаларды әзірлеп, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп жұмыс жасаңыздар», – деді облыс әкімі.

Салық базасын ұлғайту жүйелі жұмысты қажет етеді


Кейінгі төрт жылда Қармақшы ауданында 267 пәтер берілген. Тұрғын үй құрылысы биыл да жалғасады. Жауапты басшылар құрылыс сапасына бақылауды күшейтуі керек.
Қармақшыда газдандыру көрсеткіші 79,2 пайыз, бүгінде Иіркөл және Төребай би ауылдарына табиғи газ қосу қарқынды жүргізілуде. Аймақ басшысы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, басқа ауылдарға да кезең-кезеңімен газ жеткізуді тапсырды.

Салық базасын ұлғайту жүйелі жұмысты қажет етеді


«Жасыл даму» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен өңірде 98,7 млрд. теңгеге 9 жоба іске асырылуда. Қармақшы ауданында «Грин Орда Проект» серіктестігінің жобасы жоспарланған. Алдағы уақытта жұмыс қарқынын арттырып, екінші кезең сараптамасына құжат тапсыру керек.
Бұдан бөлек, жауапты тұлғаларға қоғамдық тәртіпті нығайту және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.
Кездесуде тұрғындар мен ауыл ақсақалдары өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Осы сапарда аймақ басшысы қармақшылық үздік оқушылармен кездесіп, олардың ұстаздарымен бірлесіп жасаған қолөнер бұйымдарын және заманауи технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырған тың жобаларының көрмесін тамашалады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: