Қызылорда қаласында QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында ұйымдастырылған және 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай өткізілген стритбол (3×3) турнирі өз мәресіне жетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Турнирге Қызылорда облысының аудандарынан, Қызылорда қаласынан, сондай-ақ Шымкент және Байқоңыр қалаларынан келген 10 команда қатысты. Ашық форматта өткен жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін паш етті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
🥇 І орын – Qyzylorda U18
🥈 ІІ орын – «Қайсар»
🥉 ІІІ орын – Шымкент қаласының құрамасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Осындай спорттық іс-шараларды өткізу жастардың денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға және қоғамда есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!