Жексенбі, 24 қараша, 21:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ресей Қазақстан мұнайын өзінікі деп мәлімдеген

21.12.2022

821 0

Германия экономика және климатты қорғау министрлігі Ресей билігінің қазақстандық мұнайды өздерінікі деп көрсетуге тырысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәскеу Берлинді Еуропалық Одақтың мұнай эмбаргосын орындамады деп айыптауға тырысты.

20 желтоқсанда Ресейдің «Транснефть» компаниясының басшысы Николай Токарев «Ресей-24» телеарнасына берген сұхбатында Польша мен Германия Ресейден мұнай жеткізуге өтінім бергенін мәлімдеді.

“1 қаңтардан бастап Еуропалық одақ Ресей Федерациясынан энергия тасымалдаушыларға эмбарго енгізгеніне қарамастан, өтінім берді”, – деді Токарев.

Германияның экономика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Баспасөз референті Сузанна Унградтың мәлімшеуінше, Шведтегі мұнай өңдеу зауыты Қазақстаннан мұнай тасымалдау үшін «Транснефть» қуатын жалға алған.

Сондай-ақ, ГФР экономика министрлігі Қазақстанда шикі мұнайды тұрақты сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті. Қазақстандық мұнайды жеткізу үшін Польша Гданьск арқылы «Дружба» мұнай құбырының қуатын ғана пайдалануға тура келді. Өйткені тұрақты трафик әлі дайын емес.

Бұған дейін Қазақстан ресейлік энергия тасымалдаушыларға эмбарго күшіне енгеннен кейін Еуроодақ үшін шикі мұнайдың негізгі көзіне айналғаны белгілі болды. Қазір ЕО-ға мұнайдың барлық теңіз импортының 13%-ы Қазақстанға тиесілі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: