Бейсенбі, 02 мамыр, 01:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Түркияда жер сілкінісі болды 

18.04.2024

931 0

Сурет:stan.kz

Түркияның орталығындағы Токат провинциясында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы республиканың төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 18:11-де тіркелкен. Әзірге жер сілкінісінің салдары туралы мәлімет жоқ.

Жер сілкінісінің ошағы Сұлусарай елді мекенінің маңында 5 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі көршілес аудандарда, соның ішінде Самсун, Кайсери және Сивас қалаларында да сезілген.

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасында жауапты органдардың жер сілкінісі болған аумақты тексеруді бастағанын мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: