Жексенбі, 18 сәуiр, 10:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (1731)
13.04.2021
PDF мұрағаты

Вакцина қашан қолжетімді болады?

20.02.2021

478 0

Американың штаттарында жаппай вакцинациялау басталғанымен, вакцина жетіспеушілігі байқалады. Үкімет екпені уақытылы алып келуді және вирус жұқтыру қаупі жоғары контингентті мейлінше тез вакцинациялауды ұйымдастыруда. Жақында жаңа президент Джо Байден шілде айының соңында барлық американдыққа вакцина қолжетімді болатынын хабарлады. Бұл туралы «The New York Times» газетінің тілшісі Шерил Гай Столберг «Бүгінгі Covid-19: Байден тамызға дейін барлық американдыққа вакцина ұсынылады деп болжады» атты материал дайындады.

Газет тілшісі президент Джо Байден тамызда барлығына вакцина жеткізілетінін хабарлады және бұл жолы сенімдірек айтты деп жазады. Өткен аптада Байден логистика мен вакцинаны үйлестіруге байланысты туындаған проблемалардың кесірінен жазға дейін ха­ лықты түгелдей вакцинациялауға күмәнді болған еді.

«СNN» арнасы арнайы кездесу ұйымдастырып, Президентті спикер ретінде шақырған. Сол кездесу барысында жүргізуші Андерсон Купердің «Вакцина салдырғысы келетін кез келген американдық қашан салдыра алады?» деген сауалына Байден еш ойланбастан «Шілденің соңында. Осы жылғы шілденің соңында» деп нақты әрі қысқа жауап қайырған.

Сонымен қатар жайбарақат өмірге оралғысы келетін американдықтарды президент сабырға шақырды. Тілші Гай Столберг президент көп уәде бергісі келмесе де «Келесі Рождествоны, менің ойымша, біз мүлде басқа жағдайда, жақсы жағдайда өткіземіз» деп қалды бір сөзінде деп жазады. Сондай-ақ мақала авторы президенттің сөздерін ой елегінен өткізіп, келесі қыркүйекке таман білім беру үрдісінде жағымды жаңалық болады деп болжайды. Вирусты бақылау және алдын алу орталығы жақында мек­ тептерді ашу үшін сақталуы керек шараларды жариялаған болатын. Демек американдық балалардың мектепке барып оқитын күндері алыс емес.

Өткен аптада президент әкімшілігі барлық егде жас­ тағы тұрғындарды вакциналауға жететін 200 млн доза жеткізілгенін хабарлаған еді. Бұл дозалар вакцина көлемін 50 процентке көбейтіп, жазға дейін 300 млн адамға екпе егу мүмкіндігін арттырады.

Одан бөлек мақалада Байденнің сөзінде Johnson & Johnson жасап шығарған вакцинаның тиімділігі туралы айтқаны да жазылған. Аталған вакцина әлі азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасының рұқсатын алмаған. Тілші бұл вакцина «Pfizer BioNTech» пен «Modern»-ға қарағанда коронавирустың кейбір жұқпалы түріне тиімсіз деп санайды. Алайда президент «мүмкіндік болса, аталған вакцинаны пайдаланған дұрыс» деген. «Джо Байден халықты әзірге қолжетімді вакцинаның кез келген түрін пайдалану арқылы сақтанғанын қалайды» деп қорытынды жасайды тілші.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: