Сәрсенбі, 13 қараша, 20:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

«Украина жалғыз емес»: НАТО көшбасшылары саммитте не туралы айтты

25.03.2022

1737 0

Брюссельде өткен НАТО саммитінде ұйым көшбасшылары Ресейдің Украинаға жасаған шабуылына жауап беру мәселесін талқылады. Президенттер мен премьер-министрлер Украинаға көмек көрсету жайын да қарастырды. Сонымен қатар Еуропа мен әлемдік қауіпсіздік жүйесі жақын арада қалай өзгеретінін шешті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

Байден: Толық ынтымақтастық

АҚШ президенті Джо Байден Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Ресейді «Үлкен жиырмалықтан» шығару бастамасын қолдайтынын айтты. 

«Менің жауабым – иә, ал шешімді «Үлкен жиырмалық қабылдайды», – деді журналистер сауалына жауап берген Байден.

Сондай-ақ Байден Ресей ұйымнан шығарылмаған жағдайда G20 саммитіне Украинаны да шақыру керегін айтып өтті. 

«Егер Ресейді шығару мүмкін болмаса, Украинаны да кездесуге шақыру сұрағын көтерген едім», – дейді АҚШ президенті. 

Сөз ортасында Байден ұйымды бірлікке шақырды. 

«Путин НАТО ыдырайды деп ойлады. Онымен сөйлескен кезде бірлігімізді сақтап қалатынымызға сенбегенін байқадым. Операцияны бастау кезінде Путин мұны күтпеді. НАТО елдері қазір ынтымақтастыққа болуы керек», – деп қосты Байден. 

Ресей президентін ұстап тұру үшін қолданылатын шаралар туралы айтқан Джо Байден санкциялар әсеріне арқа сүйеу керегін мәлімдеді.

«Санкцияларды ұстап тұру, одан әрі күшейту керек, қазір жасалған шараларды бірнеше ай өткен соң да қайталау керек. Бұл оны тоқтатады. Біз толық ынтымақтастықта болуымыз керек», –  деп мәлімдеді АҚШ президенті. 

Джонсон: Украина әскерилеріне көбірек қару беру керек

Ұлыбритания пермьер-министрі Борис Джонсон баспасөз мәслихатында Украинаны «қажетті сапада және мөлшерде» қару-жарақпен қамтамасыз ету НАТО-ға қиынға соғатынын мойындады. 

Джонсон Украинаға көбірек қару жіберуді жалғастыруға уәде берді. Мысалы, Ұлыбритания Украина қарулы күштеріне 6 000 зымыран жібермекші. 

Сондай-ақ премьер-министр Ресейге салынған санкцияны күшейтуге шақырды. Джонсон қазіргі уақытта Британияның мыңнан аса жеке тұлғалар мен компанияларға санкция салғанын мәлімдеді. 

«Бұл тек басы ғана. Біз Путинге Украинаның жалғыз емес екенін жеткізгіміз келеді. Біз Киев, Мариуполь, Львов пен Донецктегі адамдарды қолдаймыз. Зеленский айтқандай, Украина халқы жеңіске жетуі керек, ал Путин жеңіледі» , – деді пермьер-министр. 

Ол Владимир Зеленскийдің Украинаға ұшақ пен танк беру туралы өтініші НАТО үшін логистикалық тұрғыдан күрделі мәселе екенін де қосып өтті. 

Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Джонсонды «антиресейлік жарыстың белсенді қатысушысы» деп атаған еді. Премьер бұл жайлы да пікір білдірді.

«Тек мен ғана емес. Менің ойымша, мен Британиядағы Борис есімді алғашқы премьер-министрмін. 

Владимир Путиннің Украинаға басып кіруі адамгершілікке тән емес, бұл – тағылық», – деп түйіндеді Борис Джонсон.

Столнберг: Путин қателік жасады

«Президент Путин тәуелсіз ұлтқа қарсы соғыс ашу арқылы үлкен қателіс жасады. Ол Украина халқының күшін, ержүректігін, оның қарулы күштерін қажетті деңгейде бағаламады. Сондықтан үлкен қарсылыққа тап болды», – деп мәлімдеді НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столнберг. 

Столнбергтің сөзінше, Ресей шабуылы Еуропадағы әскери жүйені қайта құруды талап етуі мүмкін екен. 

«Біз өз кезегімізде үлкен қауіпсіздік дағдарысына тап болдық. Бүгінгі кездесу осы дағдарыс адында Еуропа мен Солтүстік Американың бірігуі қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Біз – әлемдегі ең мықты ұйымбыз және бірлік арқылы ғана қауіпсіздікке қол жеткіземіз», – делі ол. 

Столнберг НАТО-ның соғысқа қатыспайтынын да қосып өтті. 

«Біз Украинаны озық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесімен, танкке қарсы қарумен, оқ-дәрімен және жанармаймен қамтамасыз етудеміз. Серіктестер Украинаға әр түрлі салада қолдау көрсетіп жатыр. Алайда ашып айту керек, НАТО жанжалға араласу үшін ешқандай әскери күшін жібермейді. Мұндай шешім жанжалды өршітіп алмау үшін қабылданды», – деп түсіндірді Столнберг.

Айта кетейік, бұған дейін Путин Еуропаға газды тек рубль арқылы сату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген еді. Сөзінше, ресейлік өнімді доллар мен еуроға сатудың еш мәні жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: