Сенбі, 27 сәуiр, 13:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Жапония ересектерге арналған жөргек шығара бастады

28.03.2024

330 0

Сурет: el.kz

Жапонияның жөргек шығаратын компаниясы қартайған халық санының артуына байланысты тұтынушылар аудиториясын қайта қарамақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір елде азаматтардың үштен бір бөлігі 65 жастан асқан адамдарды құрайды, сондықтан тек балаларға арналған жөргектер өндірісі тиімсіз болып қалған.

The Guardian хабарлауынша, Жапонияда балалар жаялықтарының сатылымы 2001 жылдан бері екі есеге жуық төмендеді – 700 миллион данадан 400 миллион данаға дейін. Сарапшылар болжамы бойынша, бұл үрдіс тек арта бермек.

Былтыр Күншығыс елінде 758,6 мың сәби дүниеге келсе, 1,6 миллион адам қайтыс болды. 15 жасқа дейінгі балалар үлесі жалпы халық санының 11%-ынан аз, есесіне 65 жастан асқан азаматтар үштен бір бөлігін құрайды.

Мамандар 40 жылдан кейін Жапония халқы шамамен 30% азаяды деп санайды. Бұл 125 миллион адамнан 88 миллионға дейін. Әзірге биліктің көп балалы отбасылар санын арттыру туралы бастамасы нәтиже бермей тұр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: