Жұма, 26 сәуiр, 11:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Елдегі жылдық инфляция 16%-дан асып кетті – Әлихан Смайылов

13.09.2022

1100 0

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында инфляцияның артқанына алаңдаушылық білдірді. Сөзінше, 8 айдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 16%-дан асып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлихан Смайылов 8 айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі көрсеткіштер Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында өскенін айтты.

“Барлық әкімдіктер өңір экономикасының өсу қарқынын төмендетпеуі керек. Сонымен қатар тамыз айының қорытындысы бойынша елімізде жылдық инфляция 16%-дан асып кетті», – деді ол.

Үкімет басшысы барлық жауапты басшыларға бағаны тұрақтандыру жұмысын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

«Өңір әкімдіктері мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, азық-түлік өнімдері өндірісін ынталандыру және ішкі нарықты толықтыру бойынша жұмыстарды күшейту қажет», – деді премьер-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: