Сейсенбі, 28 мамыр, 06:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімдігінде алдағы жыл бюджетіне қатысты мәселелер талқыланды

05.05.2023

1212 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен келер жылдың бюджетін қалыптастыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті.

Аймақ басшысы бюджет заңнамасына сәйкес биылғы 15 мамырға дейін бюджеттік бағдарлама әкімшілері салалық министрліктерімен жұмыс жасауы тиіс екенін айтты. Бағдарлама әкімшілері 2024 жылдың бюджетін қалыптастыру үшін бюджеттік өтінімдерді енгізу керек.

«Биылғы бюджет өткен жылмен салыстырғанда 360 млрд. теңгеден 593 млрд. теңгеге артты. Бұл – орталық мемлекеттік органдармен жасалған жұмыстардың нәтижесі. Алайда, әр сала бойынша алдын-ала талдау көрсеткендей, келесі жылғы бюджетті қалыптастырудағы жұмыстар толыққанды емес. Алдағы жылдың бюджетінде осы жылмен салыстырғанда өсу қарқынын қалыптастыру қажет», – деп ескертті Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында облыстық басқарма басшылары өз салалары бойынша жүргізілген жұмыстарды баяндап, алдағы уақытқа қойылған міндеттеріне тоқталды.

Жиын қорытындысымен облыс әкімі 2024 жылдың бюджетін осы жылдың бекітілген бюджетінен кемінде 10-20 пайызға арттыруды тапсырды. Уақыт тығыз болғандықтан, 2024 жылға бюджетті қалыптастыру жұмыстары осы жылдың 5 маусымына дейін аяқталуы керек. Аймақ басшысы аталған мәселе қатаң бақылауға алынатынын ескертті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: