Жексенбі, 05 мамыр, 19:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Облыста 36 индустриялық жоба жүзеге асып, 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

16.09.2023

4151 0

Ел Президентінің Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі – мықты өнеркәсіптік негіз қалыптастыру арқылы экономиканы күшейту. Бұл бағытта металл өңдеу, мұнай-газ, тыңайтқыштар шығару жобаларын жүзеге асыру тапсырылды.

Аталған тапсырмалар индустрияландыру бағдарламасы аясында орындалуда. Сыр өңірінде құны 606,8 млрд.теңгені құрайтын 36 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 6,2 мың жұмыс орны ашылмақ. Биылғы бірінші жартыжылдықта 37,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,7%-ға артқан.
Биыл құны 3,9 млрд.теңгеге жуықтайтын 3 жобаның іске қосылуы жоспарланған. Олар – Қармақшы ауданындағы қуаттылығы 1500 тонналық құс фабрикасы, Қызылорда қаласындағы бие сүтін өңдеу цехы, Шиелі ауданындағы әк және құрғақ құрылыс қоспалары зауыты.

3 жобаға мемлекетік қолдау ретінде жер телімдері табысталған, 1 жобаға (құс фабрикасы) инженерлік инфрақұрылым жеткізілді.

Өңірде басқа да ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Агроөнеркәсіп саласындағы маңызды жоба – Жаңақорған ауданындағы «Қызылорда – Агроплюс» серіктестігінің томат пастасын өндіру зауыты. Жоба инвесторы – әлемнің 13 елінде қызанақ өндірумен айналысатын түріктің Коч Холдинг компаниясы.

Биыл украиндық агрономдар арнайы келіп, тамшылатып суару әдісімен 5 гектар жерге тәжірибелік қызанақ тұқымын екті. Жоба бойынша салалық министрлік Жол картасын бекітіп, жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: