Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Несие тағы кешіріле ме: Мемлекет басшысы ұсыныс жариялайды

20.10.2022

1450 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада несиеге қатысты ұсынысын жария ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.

«Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын», – деді президент Жетісу облысының жұртшылығымен кездесуінде.

Тоқаев мемлекеттік қызметшілерден әділ болуды талап етті.

«Шын мәнінде, әділдік болмаса, ешбір сала дамымайды. Халқымыз «Әділ істің – бәрі игі» деп бекер айтпаған. Құзырлы органдар, лауазымды тұлғалар шешім қабылдағанда осыны әрдайым есте ұстауға тиіс.

Әділетсіз қабылданған шешім биліктің беделін түсіреді. Қоғамға іріткі салып, халықтың наразылығын тудырады. Сондықтан, ешқашан әділдіктен аттауға болмайды. Барлық мемлекеттік қызметшіден әділ болуды талап етемін. Сонда ғана біз берекелі қоғам, мықты мемлекет боламыз», – деді мемлекет басшысы.

Айта кетері, 20 қазан күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды. Мемлекет басшысы сапар барысында өңір халқымен кездесті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: