Сенбі, 04 мамыр, 01:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қайтқан қаржы қайырлы болғай

16.05.2023

1091 0

Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған қаржы көлемі аз емес. Отыз жылда ел несібесін еселеуге тиіс қаржының қанша көлемі сыртқа шыққанын ешкім дөп басып айта алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен ел қазынасынан ұрланған қаржы біртіндеп қайтарылып жатыр. Сонымен, елден заңсыз шығарылған қанша актив Қазақстанға қайтарылды? Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдері айтты.

12 мамырда Бас прокуратурада Экономикалық ресурстардың заң­сыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомство­аралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған бас прокурор Берік Асылов қатысты.

Ведомство мәліметінше, бүгінде мемлекетке ортақ күш-жігермен 760 миллиард теңгеден аса сома активтері қайтарылған, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 миллион доллар.

Құқық қорғау органдары қыл­мыс­тық істер шеңберінде жалпы сомасы 620 миллиард теңге активтерін қайтаруды қамтамасыз еткен, оның ішінде шетелдік юрис­дикциялардан 575 миллион дол­лар. Берік Асылов кулуарда бұл қаржының бір бөлігі бұрын Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болғанын түсіндірді, деп хабарлайды zhasalash.kz. Басқа мемлекеттерге құқықтық көмек көрсету туралы 100-ден аса сұрау хат жолданғаны айтылды. Олар бойынша 100 миллион АҚШ долларынан асатын мүлікке тыйым салынған.

Бас прокурор активтер Лихтенш­тейн, Австрия, Біріккен Араб Әмір­ліктері және Гонконг сияқты елдерден қайтарылғанын мәлім еткен. Қаржы министрлігі қаржы-өнеркәсіп топта­рының кәсіпорындарынан қо­сымша 100 миллиард теңгеден аса салық өндіріп алды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі қаржы-өнер­кәсіп топтары компанияларына 7 мил­лиард теңгеге жуық айыппұл салды, ал БҚДА 4 миллиард теңге­ге санкциялар қолданған. Прокурор­лардың шараларымен олигополия субъектілеріне бұрын негізсіз беріл­ген немесе нысаналы мақсаты бойын­ша пайдаланылмайтын 460 мың гек­тардан аса жер қайтарылған. Сон­дай-ақ нарықтық бағасынан 4 есе төмен бағамен сатып алынған Алма­тының көтерме сауда нарығындағы үлесі, олигополия субъектілерінің мен­­шігінде заңсыз болған Алматы әуе­жайының 17 коммерциялық үй-жай­лары мемлекетке қайтарылып отыр.

Бұрын шетелге кеткен қаржы дей­тін болсақ, енді шетелден қайтқан қаржы дейтін күнге де жеттік. Бәл­кім, әділетті, халыққа есеп беретін Қазақстан­ның алғашқы қадамы осы шығар…

А.БЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: