Жұма, 03 мамыр, 10:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қалалық мәслихатта бюджеттік комиссия отырысы өтті

27.04.2023

811 0

Биылғы жылдың 26 сәуір күні қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысында «2022 жылға арналған қала, кент және ауылдық бюджеттердің атқарылуы туралы» және «2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгеріс енгізу туралы» мәселелері талқыланды.

Комиссия отырысына қалалық мәслихат депутаттары, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Т.Ильясов, қала әкімінің тиісті бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қызылорда облысының тексеру комиссиясының мүшесі Т.Ильясов 2022 жылға арналған қала бюджетінің атқарылуы бойынша хабарлама жасап, орын алған кемшіліктерді жою бағытында, қала бюджетін тиімді пайдалану бойынша тексеру комиссиясы тарапынан берілген ұсынымдарды жеткізді.

Сонымен бірге, тұрақты комиссия отырысында қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова хабарлама жасап, алдағы сессия барысында қала бюджетіне енгізілетін өзгерістер жобасын атап өтті.

Депутаттар тарапынан қала бюджетін нақтылау кезінде бірқатар мәселелерді бюджет жобасына енгізу туралы ұсыныстар берілді:
– Қаладаға кітапханалар желісінің материалдық-техникалық базасы (оның ішінде компьютерлер алу);
– Қаладағы амфитеатрды жаңғырту;

Шұғыла мөлтек ауданындағы № 40 тұрғын үйдің модернизациясы;
– Яссауи көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолын салу;
– Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің ішінен инклюзивті театр ашу үшін қаражаттар бөлу;
– Досан ауылындағы электр желілерін ауыстыру мәселесі;
– Абай ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу;
– Қызылорда қаласы Қ. Яссауи көшесі бойына 2022 жылы бюджет қаражаты есебінен тамшылатып суару әдісімен көгалдандыру жұмысын жүргізу мақсатында құрылғылар орнатылып, ағаш көшеттері отырғызылып жұмыстар атқарылды. Алайда бүгінгі күні құрылғы жарамсыз күйде қараусыз қалып отыр. Отырғызылған көшеттердің 90% қурап, қалған ағаштарда қурау үстінде;
– Бәйтерек тұрғын ауданына салынып жатқан жаңа көпірден Абай ауылына баратын қазіргі қолданыстағы көпір аралығына жаяу жүргіншілер көпірін салу мәселесі;
– Бәйтерек тұрғын ауданындағы жаңадан салынған мектеп орналасқан көшені жарықтандыру мәселесі;
– Қаладағы аялдамаларға қазақтың дара тұлғаларының тәрбиелік мәні бар өлең-жырларын, нақыл сөздерін жазып қоюды қолға алу;
– Тасбөгет кентіндегі биологиялық тазарту станциясы аумағындағы кәріз судан жиналған көлшікті тазарту, орталық кәріз су жүйесіне қосу үшін қаржы қарау мәселесі;
– Автобус паркіндегі өзекті мәселелерді, жолаушылар жолақысын көтеру арқылы емес, басқалай шешу жолдарын қарастыру.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: