Бейсенбі, 09 мамыр, 09:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан мұнай өндіруді қысқартпақ

04.03.2024

1804 0

Фото: KAZINFORM

Қазақстан ОПЕК+ ұйымына қатысушы кейбір елдермен бірлесе отырып, 2024 жылдың екінші тоқсанына өндірісті күніне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды ұзартады. Осылайша, 2024 жылдың маусым айының соңына дейін Қазақстанда өндіру тәулігіне 1,468 млн баррель болады, – деп хабарлайды KAZINFORM. 

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, болашақта нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі нарықтық жағдайға байланысты біртіндеп қайтарылатын болады. Бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылдың сәуірінде жариялаған, 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін созылатын өндірісті күніне 78 мың баррельге өз еркімен қысқартуға қосымша болып табылады.

«Бұл қосымша ерікті қысқарту мұнай нарықтарының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге арналған», – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: