Бейсенбі, 25 сәуiр, 20:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласында 318 831 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

22.11.2022

1792 0

Облыстық статистика департаменті Қызылорда қаласының 1 қарашадағы қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін жариялады.

Департамент мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 598 386 млн. теңгені, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 90,0 пайызды құраған. Ал кен өндіру өнеркәсібінде 3355 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,2 пайызды құрады және 488,8 млн. текше метр табиғи газ өндіріліп, 79,6 пайызды құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 49 816 млн. теңге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 95,1 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі 2022 жылдың қаңтар – қазан айларында 11 808,6 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 98,1 пайызды  құрады.

2022 жылдың тоғыз айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 151 452 млн. Теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 108,9 пайызға артты. Облыстағы үлесі 52,0 пайыз.

2022 жылдың қаңтар-қазан айында құрылыс жұмыстарының көлемі 57 851 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 107,0 пайызға артты.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 318 831 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 105,6 пайызға артты.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: