Құрылтай

Сәрсенбі, 08 шiлде, 11:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50 (2262)
04.07.2026
PDF мұрағаты

Бензин мен дизельді экспорттауға салынған тыйым тағы 6 айға ұзарады

08.07.2026

35 0

Фото: kursiv.media

Энергетика министрлігі бензинді, дизель отынын және басқа да мұнай өнімдерін елден әкетуге салынған тыйымды тағы 6 айға ұзартуды жоспарлап отыр. Құжат қоғам талқылауы үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды, – деп хабарлайды  kursiv.media

Жобаға сәйкес, 2026 жылғы 22 қарашадан бастап 2027 жылғы 22 мамырға дейін бензинді, дизель отынын және басқа да мұнай өнімдерін автокөлік пен теміржол арқылы әкетуге тыйым салынады. Шектеулер Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерге жеткізілетін өнімдерге де қолданылады.

Бұдан бөлек, 2027 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын экспорттауға тыйым салу жоспарланып отыр.

Дегенмен жобада бірнеше ерекше жағдайлар ескерілген. Шектеулер гуманитарлық көмек ретінде жеткізілетін жүктерге, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің шешімімен жүзеге асырылатын мұнай өнімдерінің экспортына әсер етпейді.

Энергетика министрлігі ұсынылып отырған шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақты түрде жабдықтауға бағытталғанын атап өтті.

Бұйрық жобасын талқылау 21 шілдеге дейін жалғасады. Осы мерзім ішінде азаматтар өз ескертулері мен ұсыныстарын жолдай алады.

Сонымен қатар жанар-жағармай өнімдерін Қазақстан шекарасынан көрші елдерге заңсыз тасымалдайтындардың қатары көбейіп кеткендіктен шетелдік ірі жүк көліктері мен жеңіл машиналардың Қазақстанға кіруіне шектеу қойылды.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: