Жұма, 22 қараша, 04:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

«Алтын сапа» сыйлығы Сыр кәсіпкерлерінде

13.12.2021

1365 0

Сыр өңірінің қос бірдей кәсіпорны «Абай-Дәулет» ЖШС мен «Алтын Орда» ЖШС Мемлекет басшысының «Алтын сапа» сыйлығын иеленді. Жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты жиында марапатталды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімін­де бейнебайланыс арқылы сөз сөйлеп, ізгі лебізін жеткізді.

– Дәстүрлі «Алтын сапа» байқауы 15 жылдан бері тұрақ­ты ұйымдастырылып келеді. Еліміз бойынша 150-ден астам кәсіпорын марапат төрінен кө­рінді. Биылғы салтанатты жиын ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның маңызы жоғары. Елімізде бизнестің дамуына ба­рынша жағдай жасалған. Бұл – тәуелсіздіктің жемісі. Нәтижесінде жаңа заманға сай бейімделген кәсіпкерлер шоғыры қалыптасты. Ол ұлттық экономиканың басты қозғаушы күшіне айналуда. Он жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібінің эко­номикадағы үлесі тау-кен саласының көрсеткішінен асып, 13 процентке жетті. Отандық өнеркәсіп пен медицина ғылы­мын цифрландыру ісінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістік бар. Өнеркәсіп саласында білікті мамандар жетіспейді. Бұл – индустрияландыру үдерісін те­жейтін факторлардың бірі. «Алтын сапа» конкурсының талаптарын сапаны басқарудың еуропалық қорының «ЕFQM) жаңа моделіне біртіндеп сәйкес­тендіру керек. 2025 жылға қарай 500-ге жуық индустриялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Үкімет аталған өндіріс орындарында жұмыс істейтін білікті кадрларды осы бас­тан дайындауы керек. Жас мамандарды қолдау әркез маңызды. Мемлекет тарапы­нан тиісті субсидиялар қарасты­рылғанымен әлі де жеткіліксіз. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бір­лесе отырып, жұмыспен қамту­ды және қызметкерлердің бі­лік­тілігін арттыруды ынталан­дыруға бағытталған қосымша шараларды пысықтауы қажет, – деп атап өтті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Алтын сапа" сыйлығы Сыр кәсіпкерлерінде

Сонымен отандық кәсіп­керлер арасында өткізілген конкурс нәтижесінде «Алтын сапа» жүлдесінің «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнім­­дерін өндіретін үздік кәсіп­орын» номинациясы бойын­ша «Абай Даулет» ЖШС ие­ленді. Ал «Алтын сапа» жүл­десінің «Халыққа тауар шығаратын үздік кәсіп­орын» номинациясына «Алтын орда» серіктестігі қол жет­кізді. «Парыз» жүлдесінің «Ең­бекті қорғау саласындағы ең үздік кәсіпорын» номи­на­­ция­сы бойынша ірі кәсіп­керлік нысандары арасында қызылордалық «Kap Techno­logy» ком­паниясы «Парыз» сыйлы­ғының күміс мүсіні­мен марапатталды.

«Алтын сапа» сыйлығы өнімдер немесе қызмет көрсету сапасы саласындағы жақсы нәтижеге қол жеткізгені, олар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сондай-ақ, мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін конкурстық негізде берілді.

«Парыз» конкурсының мақ­саты – өз жұмысшылары мен қоғам үшін әлеуметтік мәселелерді шешетін жеке­меншік кәсіпкерлік субъекті­лерін ынталандыру.

– Бұл – барша сырбойы­лықтардың жеңісі. Тәуелсіздік күні қарсаңындағы айтулы жеңісімізге еңбек ұжымымыз­дың тынымсыз тірлігінің ар­қасында қол жеткіздік. Алдағы уақытта өз өнімдерімізді «Алтын сапа» атауымен шығаруды көздеп отырмыз. Және сол үдеден жоғары жетістікке жетіп, ел игілігі жолында қызмет ете береміз. Сыр өңірі ауылшаруашылық өнімдеріне қолайлы аймақ саналады. Сондықтан жоғары сұранысқа өнім әзірлеуде бар күш-жігерімізді жұмсап, сенім үдесіне көрінуге күш саламыз, – дейді «Абай-Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев.

                             Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: