Сейсенбі, 30 сәуiр, 20:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Димаштың туындысынан шабыт алған Испаниялық суретші манга басып шығарды

10.03.2024

323 0

Сурет: zakon.kz

6 наурызда Испанияның Planeta de Agostini атты беделді баспасы Димаш Құдайбергеннің туындысынан алған шабытының нәтижесінде «Ғарыш дауыстары» атты жаңа мангасын басып шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Voices of space» («Ғарыш дауыстары») – 25 беттен тұратын фантастика жанрында жазылған туынды. Бұл – туабітті таңғажайып қабілеті – бірегей даусымен ғаламды өзіне еліктіріп, айналасына бақыт пен қуаныш сыйлайтын ерекше өнерлі адамдарға арналған туынды. Бұл туралы әншінің сайты хабарлады.

Манганың авторы – испаниялық суретші Альберто Митя. Ол Димаштың шығармашылығымен 3 жыл бұрын танысқан. Оны манга жасауға Димаштың орындауындағы S.O.S әні шабыттандырған.

Мен бұл шығарманы Димаштың ерекше таланты мен ғажайып дауысын көпшілікке таныту мақсатында жаздым. «Voices of space» – ғарыштық жарыстарда өз даусымен сайыстарға түсетін бала туралы ғылыми-фантастикалық және фэнтези жанрындағы манга, – деді Альберто Митя.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: