Жұма, 19 сәуiр, 13:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Инклюзивті театр ашылады

04.02.2023

616 0

Биыл Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы аясында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар «Көктем нұры» атты дәстүрлі республикалық оқушылар айтысы мен «Бұрымды қыз» облыстық телевизиялық байқауын өткізу жоспарлануда. Алдағы уақытта физиологиялық ерекшелігі бар жандардың талантын шыңдау мен өнерін көпшілікке насихаттау мақсатында қалалық Жастар театры жанынан ашылатын «Инклюзивті театр» ашылмақ.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов баяндады.

– Өнердің қай түрі болсын жаңа жоба­ларымен өзекті. Мәдениет қызметкерлері әрбір мереке қарсаңында қазақы құнды­лықтарға негізделген салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты насихаттап келеді. Бұл бағыттағы іс-шаралар жүйелі жалғасын таба бермек. Атап айтар болсақ, өткен жылы 1310 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 221518 көрермен қамтылды. Сондай-ақ Қызылорда қаласы бойынша  жас дарынды өнерпаздарды үлкен сахнаға дайындау үшін қала орталығындағы және кент, ауылдық округтердегі клубтар мен мәдениет үйлер жанынан барлығы 91 үйірме жұмыс жасап, оған 1032 көркемөнерпаз қатысты. Мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары түрлі деңгейдегі 122 байқауға қатысып, жүлделі оралды, – деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар өңірімізде мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында Қызыл­орда қаласында 280 мәдениет үйірмесі жұмыс істеп, 11701 бала қамтылған. Аймақта үйірме жұмысы да жолға қойылғаны жөнінде айтылды.

2022 жылы қалалық мәдениет және тілдер­ді дамыту бөліміне қарасты А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі ғимаратының сыртқы жылу құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіріп-шығуына толық жағдай жасау мақсатында мәдениет үйінің кіреберісіне пандус орнатылды. Бұл да халықпен тығыз байланыс орнатылғанның көрінісі.

Тіл саясатын насихаттау бағытында қала аумағында орналасқан дәмханалардың ас мәзірлерін қазақ тілінде жазу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Қызыл­орда автобус паркі» теңгеріміндегі жаңа автобустарға қазақ тілінде ұлттық нақыштағы әндер мен күйлер орындалып, «Қазақ» радиосы» қосылмақ.

Кітапханаға келген оқырман сұранысын қанағаттандыру, сапалы қызмет көрсету, кітап беру жұмысын тездету мақсатында жүйеге қарасты бар­лық кітапханаларда әртүрлі сала бойынша 277 кітап сандық фор­матқа көшірілген.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: