Сейсенбі, 23 маусым, 13:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47 (2259)
23.06.2026
PDF мұрағаты

«Кітап керуені» акциясы Қамыстыбас ауылында да ұйымдастырылды

23.06.2026

46 0

Фото: Қызылорда Облысы Мәдениет Басқармасы

Қамыстыбас ауылында ұйымдастырылған кітап керуені жергілікті тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды. Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқырмандардың рухани дүниесін байыту және әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру.


Шараның салтанатты ашылуында Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі Азат Баймырзаева, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Сапар Көзейбаев, Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бауыржан Махатов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Керуен аясында ауыл тұрғындарына түрлі жанрдағы кітаптар ұсынылып, жаңа басылымдар таныстырылды. Оқырмандар өздерін қызықтырған әдебиеттермен танысып, кітаптар туралы пікір алмасты. Сонымен қатар кітап талқылау, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қатысушылар рухани әсер алды. Жергілікті ақын-жазушылар Жұмабай Жақып, Ерғали Абдулла, Абай Елеш, Айдар Сайлауовпен кездесу кеші өтті.
Ауыл тұрғындары кітап керуенінің маңыздылығын атап өтіп, мұндай шаралардың жиі өткізілуіне тілектестік білдірді. Кітапқа құштар тұрғындар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, кітаптың адам өміріндегі орны ерекше екенін жеткізді.
Бірқатар кітапхана мамандары Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен, оқырмандар арнайы номинациялармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.
Ауқымды мәдени жобаның жүзеге асуына белгілі кәсіпкер, «Бертағы» супермаркетінің басшысы Асылхан Жұмажанов, Арал-Қазақстан теміржолының бастығы Талғат Шүренов демеушілік қолдау көрсетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: