Сенбі, 02 желтоқсан, 10:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2002)
02.12.2023
PDF мұрағаты

Қолөнерге қызығатындар көп

16.02.2021

1702 0

Қолөнер – дәуірлер көшінен дәстүрлі сипат алған сырлы дүние. Бұл қастерлі құндылық Сыр өңірінде де заман кейпімен қарқынды дамып келеді. Асыл мұраны жастайынан үйреніп, жалғастырып, жандандырып жүрген жанның бірі – Баян Әбуова.

Ол Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана жанынан ашылған арт-студиясында балаларды қолөнер туындысының қыр-сырына баулып келеді. Үйірме оқушылары арасында облыстық, республикалық сайыстарда жеңімпаз атанып жүрген жеткіншек жеткілікті. Үйірмеде сурет салумен қатар сәулет өнері бойынша да  дәріс беріледі екен.  3 жылда 300-ге жуық бала сурет салудың қыр-сырын меңгеріп, қосымша қолөнер бұйымдарын жасаудың тың тәсілдерін игеріп жүр.

Басты парызым…

– Бала күнімнен қолөнерге қызықтым. Бұл – әжем мен әкемнен дарыған қасиет. Әжем бала кезімде ши тоқитын, ағаштарды керіп, жіптерді тоқуға тас байлап эскизсіз-ақ кейбір дүниелерді тоқып шығаратын. Оның кереметтілігін тоқылған ши­ден көруге болады. Соны­мен қатар алаша, түкті кілемдер тоқитын. Таш­кент­тен алдыртқан бояу­ларымен жүнді бояп, суға пісіріп жіп  иіретін. Ал анам кілем тоқитын. Бойдағы талант жарыққа шықпай қоймайды екен. Қолөнердің қыр-сырын үйретуден жалықпаймын. Шәкірт­терім үлкен шыңдарды бағындырады деп сене­мін. «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» деген халық даналығы бар. Баланы еңбекке баулу­дың бірден-бір жолы қолөнерге қызықтыру. Ол адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қойған мақ­сатының айқындалуына әсер етері сөзсіз. Ата-бабаларымыз «Жігітке жеті өнер де аз» немесе «Аталық айтар ісің болсын» – деп өнерді ерекше бағалаған. Сондықтан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қол­өнерді келешек ұрпаққа та­быстау басты парызым, – дей­ді Баян Әбуова бізбен әңгі­месінде.

Р.S. Кейіпкеріміз қолөнер бұйымын жасағанда жанын ерекше шуақ тербейтінін айтады. Бұл – өнер құдіреті. Ісмер жасаған әрбір дүниесін үлкен ыждағаттылықпен атқарады. Өйткені қолөнер бұйымын жасау үлкен төзімділікті талап етеді.  

Т.ШАЙДУЛЛА

 

Жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: