Сәрсенбі, 03 шiлде, 08:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Теңіз тебіренткен талант

26.01.2023

642 0

Бүгін көрнекті эколог-жазушы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сайлаубай Жұбатырұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Теңіз тебіренткен талант» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Хұсейн Әмір-Темір Жүсіпұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Есімсейітова Қаршыға Құрмашқызы, Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Құдайбергенов Қазбай және ақын-жазушылар қатысты. Шара барысында мәдениет және спорт басқармасының басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы құттықтау сөз сөйлеп, жазушыға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталып, сый-сияпат көрсетілді.

Шара қонақтары Сайлаубай Жұбатырұлының шығармаларын азаматтық, отаншылдық, психологиялық, философиялық терең толғанысымен берілгені туралы өз пікірлерімен бөлісіп, қаламгердің баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды.Шара соңында «Теңіз тебіреткен талант» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: