Бүгін көпбейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен медицина қызметкерлері арасында «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиясы, профилактикасы, эпидемияға қарсы іс-шаралары және инфекциялық бақылау мәселелері» тақырыбында облыстық семинары өткізілді.
Семинар барысында Қызылорда облысындағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша қазіргі эпидемиологиялық ахуал, аурудың клиникалық көрінісі, ерте диагностикасы, емдеу тактикасы, зертханалық диагностикасы, инфекциялық бақылау және биоқауіпсіздік талаптары жан-жақты қарастырылды.
Баяндамалар барысында КҚГҚ-ны ерте кезеңде анықтауда күдікті жағдайларды жүргізу алгоритмдері, пациенттерді маршрутизациялау және шұғыл эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ семинар қорытындысымен тақырыпқа сәйкес медицина қызметкерлеріне онлайн тестілеу ұйымдастырылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
